Адамдардың қатерлі ісікке шалдығуының нақты себебі анықталмаған, бірақ оның қаупін арттыратын факторлар бар. Оларға мыналар жатады:
- Жеке адамдардың денесінің ерекшеліктері, атапайтқанда генетикалық ерекшеліктері, жүре пайда болған және тұқымқуалайтын аурулардың болуы, гормоналды бұзылулар. Осы факторлардың барлығы қатерлі ісіктердің дамуына ықпал етуі мүмкін. Әдетте, олар әр адамның денесінің туа біткен және жеке ерекшеліктерімен байланысты, сондықтан бұл жағдайда онкологиялық аурулардың алдын- .
Қатерлі ісік ауруының дәлелденген себептері темекішегу, алкогольдік ішімдіктерді тұтыну, қуырылған, ащы және ысталған тағамдар, радиоактивті сәулелену көздері, канцерогендік заттар, климаттық ерекшеліктер, ұлттық тамақтану және тұрмыстық дәстүрлер болып саналады.
ҚАТЕРЛІ ІСІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ӘДІСТЕРІ:
Қазіргі заманғы медицина белсенді профилактиканың 2 түрін ажыратады: бастапқы және қайталама.





